
әміріне оағынып, тастарды парша-парша етеді. Және ол темекінің қағазы сияқты жүқа, нәзік жапырақтардың әр бірі Ибраһим (Ғ.С.)-ның ағзалары сияқты от шашқан ыстыққа қарсы

Аятын оқуда.
Сондай-ақ барлық нәрсе рухани тілімен «Бисмилләһ» - деп айтады және Алла атымен Алланың нығмет-терін келтіріп, біздерге беруде екен, біз де «Бисмилләһ» - деуіміз керек. Алла атымен беруіміз, Алла атымен алуымыз керек. Олай болса, Алланың атымен бермеген ғафил адамдардан алмауы-мыз керек.
Сауал. сатушы саналған адамдарға бір ақы төлейміз. Ғажабы. негізгі мал-мүлік иесі болған Алла, бізден қандай ақы қалайды?
Жауабы. ия, Ол Хақиқи Мұнғим - бұл қымбатты нығметтерінің, малдары-ның орнына бізден қалаған ақысы үш нәрсе.- бірі - зікір, бірі - шүкір, бірі -пікір.
Басында «Бисмилләһ» - зікір. Соңында «Әлхамдулилләһ» - шүкір. Ортасында болса, бүл қымбатты, ғажайып өнер туындылары болған нығ-меттер - Ахад Самадтың қүдіретінің мүғжизасы және рахметінің сыйлығы екенін түсіну және ойлау - пікір. Бір патшаның бағалы бір сыйлығын саған алып келген бейшара бір адамның аяғына жығылып, сыйлық иесін таны-мау - қандай дәрежеде ақымақтық болса, хақиқи болмаған нығмет берушілерді мақтап және оларды жақсы көріп, Хақиқи Мүнғимды үмыту - одан да мың есе ақымақтық болады.
Әй, нәпсі! Бұндай ақымақ болмауды қаласаң, Алла атымен бер... Алла атымен ал... Алла атьмен баста... Алла атымен істе. Уәссалам.
Türkçe
English
العربية
Pyccĸий
français
Deutsch
Español
italiano
中文
日本語
Кыргыз
o'zbek
azərbaycan
Türkmence
فارسى