Біріншісі: қүлшылықта сабыр. Екіншісі •. күнәларға қарсы сабыр.
Үшіншісі: қасіретке қарсы сабыр. Ақылың бар болса - бүл үшінші ескертпедегі мысалда көрінген хақиқатты жол нүсқаушым деп біл. Жігіт сияқтьі:«я Сабур!» - деп, үш са-бырды мойныңа ал. Жанабы Хақтың саған берген сабыр қуатын егер жаңылыс жолда шашпасаң, ол - әр бір машақатқа және әр бір қасіретке жеткілікті бола алады. Және ол қуатпен төтеп бер...
Төртінші ескертпе: «әй, дуана нәпсім! Ғажабы: бұл убудиет міндеті нәтижесіз бе? Әлде ақысы аз ба екен - сені жалықтыруда? Алайда, егер саған бір адам біраз ақша берсе, немесе сені қорқытса - кешке дейін сені істетті-реді және үміттене істерсің. Ғажабы: бүл дүние мейманханасында әлсіз, әрі пақыр қалбыңа қүт, байлық және әлбетте бір үйің болған қабіріңде азық, нүр және әр жағдайда сот мекемең болған - Махшарда қүжат, барат және қаласаң да, қаламасаң да үстінен өтілетін Сырат көпірінде нүр, бүрақ бо-латын Намаз нәтижесіз бе? Немесе ақысы аз ба?
Бір адам саған жүз теңгелік бір сыйлық беруге уәде етсе - жүз күн сені істеттіреді. Ол уәдесінде түрмауы да мүмкін, бірақ сен ол адамға сенесің, беріліп істейсің.
Türkçe
English
العربية
Pyccĸий
français
Deutsch
Español
italiano
中文
日本語
Кыргыз
o'zbek
azərbaycan
Türkmence
فارسى