Қабір - далалат пен азғындық жолындағылары үшін қорқыныш пен үмыту ішіндегі зындан сияқты қинаушы, әрі бір айдаһардың қарны сияқты тар бір мазарға ашылған есік болған халде - Қүран шәкірттері мен имандылар үшін дүние зынданынан мәңгілік бақшаға және емтихан алаңынан Жаннат бақшаларына, өмір қиыншылығынан Рахманның Рахметіне ашылған есік. Және ол жабайы арыст-анның сүйікті бір қызметкерге айналуы мен бойсүнушы бір ат болуы -мына-ған ишарат : өлім - далалат жолындағылары үшін барлық жақсы көргендерінен аянышты бір халде мәңгілік айырып, бұл жалған жаннаты болған дүниесінен шығарып, үрейдің және жалғыздықтың ішінде мазар зын-данына кіргізеді, әрі олар үшін түрме болады. Ал, хидаят жолындағылары мен Қүран шәкірттері үшін - басқа әлемге кеткен достары мен туысқан-дарына қауышу үшін бір себепші, әрі хақиқи отандарына және мәңгі бақыт мекендеріне кірулері үшін есік. Әрі дүние зынданынан Жаннат бақшала-рына бір шақыру, әрі Рахманы Рахым-ның рахметінен өз қызметіне ақы алуы үшін бір уақыт, әрі өмірдегі міндетінің ауырлығынан бір бостандыққа шығу, әрі күлшылық пен емтихандағы тәлім мен тәрбиелердің бітуі...
Türkçe
English
العربية
Pyccĸий
français
Deutsch
Español
italiano
中文
日本語
Кыргыз
o'zbek
azərbaycan
Türkmence
فارسى