Міне, әй, жалқау нәпсім! Бес уақыт Намаз оқу, жеті кабаирды істемеу - қаншама аз, рахат және жеңіл екенін; нәтижесі, жемісі мен пайдасы - қаншама көп, маңызды әрі үлкен болғ-анын - ақылың бар болса, бүзылмаған ,бод£а түсінерсің. Және сені пасықтық пен азғындыққа қызықтырып шақырған шайтанға, әрі ол адамға айтарсың:
«Егер өлімді өлтірудің, зауалды дүниеден жоқ қылудың және әлсіздік пен пақырлықты адамзаттан алып тас-таудың, қабір есігін жабудың шарасы бар болса - сөйле, тыңдап көрейік. Болмаса, үніңді шығарма!... Үлкен Әлем Мешітінде - Қүран әлемді оқуда! Оны тыңдайық. Ол нүрмен нүрланайық. Хи-даятымен амал қылайық. Және оны вирди зебан етейік. Ия сөз - ол және Оған айтылады. Хақ болып, Хақтан келіп, Хақ деген, Хақиқатты көрсеткен және нүрлы хикметті жариялаған Ол..!»
Türkçe
English
العربية
Pyccĸий
français
Deutsch
Español
italiano
中文
日本語
Кыргыз
o'zbek
azərbaycan
Türkmence
فارسى