Отарба - зымырап бара жатқан уақыт. Әрбір жыл бір вагон.
Ал туннель болса дүниедегі өмір, яғни мына өмір.
Тікені көп гүлдер мен жемістер болса, заңсыз ләззәттар мен адамгершілікке жат қылықтар. Қолыңда түрған кезінде аяқталатынын ойлау, адамды мұңайтып, жүрегін сыздатады. Ажырасуы жанды азапқа салып, әрі сазайында тартқызады.
Отарбадағы жол серіктің "бес тиын төле, олардан қалағаныңша алып беремін!" - деп отырғаны; адамның адал еңбекпен заңды ләззәттары мен көңіл көтерулері толық қанағаттандырарлық. Азғындыққа, тыйым салынған харам жолға түсудің қажеті жоқ. Қалған жерлерін өзің жори аласың деп ойлаймын.
Төртінші нүкте:
Адам баласы мына әлемде бейне бір нәзік сәби тәрізді. Оның әлсіздігінде үлкен қуат, бейшаралығында күшті құдіретжатыр. Өйткені, оның әлсіздігі мен бейшаралығының арқасында мына қоршаған әлем оның қызметшісіне айналып отыр. Егер де адам өзінің әлсіздігін сезініп: тілімен, күйімен, іс-әрекетімен Аллаhқа дүға етсе, әрі бейшаралығын біліп, одан көмексұраса, жасалған қамқорлыққа шүкір етіп, алғысын білдірген болып есептеледі.
Türkçe
English
العربية
Pyccĸий
français
Deutsch
Español
italiano
中文
日本語
Кыргыз
o'zbek
azərbaycan
Türkmence
فارسى