БЕСІНШІ СЕБЕП: Әхл-и хидаеттің келіс-пеушілігі, жік-жік болуы дәрменсізідіктерінен емес, сондай-ақ, әхл-и далалеттің ынтымақтастығы қуаттылығынан емес. Әхл-и хидаеттің келіспеушілігі; кәміл иманнан пайда болған сенім, және арқа сүйерінен қуат алғандықтан. Сол сияқты әхл-и ғафлет пен әхл-и далалеттің бірлігі; шын көңілден сенім артатын таба алмай, өздері болса әлсіз әрі дәрменсіздіктерінен туып отыр. Өйткені, әлсіздер, бірлікке мұқтаж болғандықтарынан қуатты ынтымақ құрады. Ал қуаттылар, қажеттілігін аңғара алмағандықтан бірліктері айтарлықтай емес. Арыстандар түлкілер сияқты бірлік құруға мұқтаж болмағандықтан жеке, дара өмір сүреді. Жабайы аттар, қасқырдан сақтану үшін үйір құрайды. Демек, әлсіздердің ұйымы және мағынауи тұлғасы қуатты келеді (сілтеме1), ал қуаттылардың ұйымы және мағынауи тұлғасы әлсіз келеді.
-------------------------------------------------------(сілтеме) Еуроғадағы ұйымдардың ең күштісі, ең әсерлісі әрі бір жағынан қуаттысы нәзік тайпа, әйелдердің Америкадағы әйел егемендігі және хұқы дейтін ұйым. Һәм, басқа ұлтқа қарағанда халқы аз әрі әлсіз Армян қоғамы, қуатты да жанкешті түрде ұйымшылдықтары осы айтқанымызға дәлел.
7 (⌠қалә■(сказал)мужской род)
8 (женский род)
Türkçe
English
العربية
Pyccĸий
français
Deutsch
Español
italiano
中文
日本語
Кыргыз
o'zbek
azərbaycan
Türkmence
فارسى